Мереке • 30 Тамыз, 2023

Елдікті айқындайтын басты құжат

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елдікті айқындайтын басты құжат

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Елдің елдігін айшықтайтын, мемле­кетіміздегі бірліктің берік іргетасын қалайтын басты құжат бар бізде. Ол – Конституция. Өткен жылы 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Негізгі заңымызға өзгерістер енгізілді. Ата Заңға ұсынылған 56 түзетуді конституциялық референдум кезінде еліміздің басым бөлігі қолдады. Осылайша, халық өз таңдауын жасады. Жаңартылған басты құжат азаматтардың құқығын танытып, халықтың мүддесін қорғауда жаңа мүмкіндіктерге, игі істер мен бастамаларға жол ашты. Сол себепті де еге­мен­ді еліміздің жаңа тарихын жазған сая­си реформа – конституциялық реформа ел өміріндегі жаңа сапалық кезең, өзгерістер бас­тауы.

Халқымыз әу бастан «азаттықтың алтын қазығы» деп айшықтаған Консти­туцияда барлық азаматтың құқық­тары мен міндеттері, мызғы­мас құндылықтарымыз бен қағидат­тары­мыз, мемлекеттілігіміздің басты ұстын­дары айқын әрі анық жазылған. Сондай-ақ бас құжат мемлекетіміздің әлеуметтік-эконо­мика­лық дамуының, заң үстем­дігінің, тұрақ­тылық пен келісімнің кепілі болып қала бермек.