Қоғам • 30 Тамыз, 2023

Сеулде Қазақстанның Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сеулде Қазақстанның Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Ведомствоның мәліметінше, іс-шараға Кореяның Халықаралық экономикалық саясат институтының (KIIEP), Хангук шет тілдері университеті (HUFS) Орталық Азияны зерттеу орталығының басшылары мен сарапшылары, «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының өкілдері, Корея Республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшілері, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның БАҚ өкілдері қатысқан.

«Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның Кореядағы елшісі Нұрғали Арыстанов корей сарапшыларын өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған негізгі реформалармен және қазіргі жағдайдағы қазақ-корей қатынастарының келешегі туралы егжей-тегжейлі таныстырды. Корей қоғамының өкілдері қабылданған реформалардың оң әсерін атап өтіп, қазақстандық қоғамды демократияландыру деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстанның таңдаған даму векторы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді», делінген хабарламада.