Ведомствоның мәліметінше, іс-шараға Кореяның Халықаралық экономикалық саясат институтының (KIIEP), Хангук шет тілдері университеті (HUFS) Орталық Азияны зерттеу орталығының басшылары мен сарапшылары, «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының өкілдері, Корея Республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшілері, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның БАҚ өкілдері қатысқан.
«Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның Кореядағы елшісі Нұрғали Арыстанов корей сарапшыларын өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған негізгі реформалармен және қазіргі жағдайдағы қазақ-корей қатынастарының келешегі туралы егжей-тегжейлі таныстырды. Корей қоғамының өкілдері қабылданған реформалардың оң әсерін атап өтіп, қазақстандық қоғамды демократияландыру деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстанның таңдаған даму векторы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді», делінген хабарламада.