Аймақтар • 31 Тамыз, 2023

Ертең Атырауда автобустар тегін қатынайды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім күніне орай Атырау қаласының тұрғындары автобуста тегін қатынайды. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкінұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Атырауда автобустар тегін қатынайды

Фото: Шәкір Кейкінұлының Facebook парақшасы

Атырауда мемлекеттік мереке күндері автобустар тегін қатынайды. Қала әкімі осы игі дәстүр білім күнінде де жалғасатынын айтты.
 
«Өзімнің тарапымнан оқу жылының алғашқы күнінің маңыздылығын ескеріп, ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдер мен басқа да қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында автобуста тегін қатынау туралы «Ақжайық», «Атырау», «Алғабус» автопаркі басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын. Аталған автопарк басшылары ұсынысымды бірауыздан қолдап, 1 қыркүйек күні Атырау қаласы және қалаға қарасты елді мекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустардың тегін қызмет көрсетуге дайын екенін айтты», деп жазды Шәкір Кейкінұлы.
 
Осы орайда ол аталған акцияны қолдаған автопарк басшылары мен қызметкерлеріне алғыс айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.