Білім • 01 Қыркүйек, 2023

Жаңа оқу жылында 154 мектеп пайдалануға беріледі

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі білім жүйесінің сапасын арттыру бойынша бірқатар шараны іске асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа оқу жылында 154 мектеп пайдалануға беріледі

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ведомствоның дерегінше, осы айдан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы 30 пайыз, колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайыз өседі.

Осы оқу жылында 1,4 миллионнан астам бастауыш сынып оқушысы тегін тамақпен қамтылады.

55 мың бала жаңа оқу жылын жаңа мектептерде бастайды.

Жалпы, 2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Мектептерде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылады.

Аталған шаралар білім сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.