Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Ведомствоның дерегінше, осы айдан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы 30 пайыз, колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайыз өседі.
Осы оқу жылында 1,4 миллионнан астам бастауыш сынып оқушысы тегін тамақпен қамтылады.
55 мың бала жаңа оқу жылын жаңа мектептерде бастайды.
Жалпы, 2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Мектептерде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылады.
Аталған шаралар білім сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.