Пікір • 12 Қыркүйек, 2023

Жастарға сенім артты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастарымыз білімді, білікті болса, еліміз дамиды, экономика­мыз көтеріледі. Сондықтан қазір жаңа өмірге қадам басқан сту­дент­тер мен жас ғалымдарға жағдай жасау, оларды мемлекет тара­пынан қолдап, әртүрлі бағдарламаны іске асырудың ма­ңызы зор.

Жастарға сенім артты

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қазір университеттерде жатақ­ханалардың жетіспеуі, ЖОО-ны бітірген жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерінің өзекті екенін ескеруіміз қажет. Жұмыс істейтін жас отбасыларға Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей араласуымен мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана мәсе­лесін шешу де маңызды мә­селе. Сондай-ақ жоғары оқу орнын бітірген студенттерден «жұмысқа орналасты» деген өтірік анықтама алдыртуды шек­тей­тін уақыт жет­ті. Өкінішке қарай, бүгінде бұл үрдіс белең алып тұр. Осын­дай олқылықтарды шешетін бол­­сақ, елімізде білімді жастар тұрақтайтын еді. Өйткені білікті, білімді, ойы ұшқыр көп­теген жастың шетел асып кетіп жатқаны баршамызға бел­­гілі. Осының бар­лығы жас буынға жағдай жа­сау­дың сал­ғырт­тығынан туындап отыр.

Тағы бір айта кететін мәселе мемлекеттік идеологияның на­­шар жұмыс істеуімен байла­ныс­ты. Біз жастарды отан­сүйгіштікке, мемлекетке деген адал­дыққа үйре­туі­міз қа­жет. Оның барлығы бала­бақ­шадан бас­та­лу­ға тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қы­на арнаған Жолдауында жас­тар саясатына қатысты бір­қа­тар мәселеге тоқталды. Солар­дың бірі жастарды дамыту мен оларды қолдауға арналған бағ­­дарлама қажет екенін айтты. Ендігі міндет – осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүр­гізуге бай­ланысты.

 

Тимур ӘПЕНДИЕВ,

Ш.Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институты жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, PhD