Ауа райы • 15 Қыркүйек, 2023

Екі қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қыркүйекте Қазақстанның екі қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады

Қазгидрометтің мәліметінше, Петропавл және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).