Қазгидрометтің мәліметінше, Петропавл және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).