Ауа райы • 16 Қыркүйек, 2023

Елдің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астана, Атырау, Қарағанды, Петропавл және Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.