![Елдің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды](/media/2023/09/16/78ef5087-24a2-450b-8723-8a98b29ed0ee.webp)
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Астана, Атырау, Қарағанды, Петропавл және Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.