Спорт • 19 Қыркүйек, 2023

Азия ойындарына Қазақстан құрамасы 30 спорт түрінен қатысады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін XIX Азия ойындары бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-ынан Қазақстан спортшылары бақ сынайды. Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша, 305 медаль үшін таласады. Азиадада жалпы айтқанда 61 дисциплина бойынша 481 медаль ойнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия ойындарына Қазақстан құрамасы 30 спорт түрінен қатысады

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан спортшылары бокс, дзюдо, таэквондо, күрес, жеңіл атлетика, садақ ату, қазіргі бессайыс, брейкинг, бадминтон, триатлон, теннис, су спорты (жүзу және артистік жүзу), баскетбол, ескек есу спорты, велоспорт, семсерлесу, ауыр атлетика, гольф, гимнастика, гандбол, волейбол, құзға өрмелеу, ескек есу, регби-7, үстел теннисі, ату және хоккей сайыстарына қатысады. Сонымен қатар отандық спортшылар 3 олимпиадалық емес спорт түрі: у–шу, жекпе-жек және интеллектуалды үстел ойындарында да жарысқа шығады.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың мәлімдеуінше, Азия ойындарына 524 Қазақстан спортшысы қатысады, кейбір спорт түрлері бойынша медаль алу мүмкіндігі басқаларға қарағанда жоғары.

«Біз үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай туғызу маңызды. Ол үшін барлық қажетті жұмысты істедік. Азиадада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады», деді Ербол Мырзабосынов.