Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан спортшылары бокс, дзюдо, таэквондо, күрес, жеңіл атлетика, садақ ату, қазіргі бессайыс, брейкинг, бадминтон, триатлон, теннис, су спорты (жүзу және артистік жүзу), баскетбол, ескек есу спорты, велоспорт, семсерлесу, ауыр атлетика, гольф, гимнастика, гандбол, волейбол, құзға өрмелеу, ескек есу, регби-7, үстел теннисі, ату және хоккей сайыстарына қатысады. Сонымен қатар отандық спортшылар 3 олимпиадалық емес спорт түрі: у–шу, жекпе-жек және интеллектуалды үстел ойындарында да жарысқа шығады.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың мәлімдеуінше, Азия ойындарына 524 Қазақстан спортшысы қатысады, кейбір спорт түрлері бойынша медаль алу мүмкіндігі басқаларға қарағанда жоғары.
«Біз үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай туғызу маңызды. Ол үшін барлық қажетті жұмысты істедік. Азиадада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады», деді Ербол Мырзабосынов.