Футбол • 26 Қыркүйек, 2023

«Ордабасы» ұпайсыз қалды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан ел чемпионатының ойындары мәресіне таяған сайын әрбір кездесу шиеленісті өтіп жатыр.

«Ордабасы» ұпайсыз қалды

Мәселен, өткен турда турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Шымкенттің «Ор­дабасы» клубы өз алаңында елорданың «Аста­насын» қабылдап, былтырғы ел бірін­шілі­гінің жеңімпазына 2:1 есебімен жол бер­ді. Осылайша, қатарынан екі ойында ұпай жо­ғалтқан шымкенттіктер өздерін турнир кес­тесінде өкшелеп келе жатқан «Астана» мен «Ақтөбе» клубтарына ұпай айырмасын қысқартуға мүмкіндік беріп қойды. Ал бұл турда «Ақтөбе» сырт алаңда «Қызылжармен» тең ойнады – 1:1.

23-турдан кейін турнир кестесінде «Ор­да­басы» 49 ұпаймен бірінші орында тұрса, 46 ұпай бар «Астана» екінші сатыға жайғасқан. Ал үшінші сатыдағы «Ақтөбенің» еншісінде 44 ұпай бар.