Мәселен, өткен турда турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында елорданың «Астанасын» қабылдап, былтырғы ел біріншілігінің жеңімпазына 2:1 есебімен жол берді. Осылайша, қатарынан екі ойында ұпай жоғалтқан шымкенттіктер өздерін турнир кестесінде өкшелеп келе жатқан «Астана» мен «Ақтөбе» клубтарына ұпай айырмасын қысқартуға мүмкіндік беріп қойды. Ал бұл турда «Ақтөбе» сырт алаңда «Қызылжармен» тең ойнады – 1:1.
23-турдан кейін турнир кестесінде «Ордабасы» 49 ұпаймен бірінші орында тұрса, 46 ұпай бар «Астана» екінші сатыға жайғасқан. Ал үшінші сатыдағы «Ақтөбенің» еншісінде 44 ұпай бар.