Теннис • 12 Қазан, 2023

Жасөспірімдердің әлемдік додасы

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 қазан мен 5 қараша аралығында Испанияның Кордова қаласында теннистен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Жасөспірімдердің әлемдік додасы

Бұл додаға Марат Шәріпов пен Сергей Квак жаттықтыратын Қазақстанның балалар және қыздар құрамалары да қатысады. Балалар бәсекесінде ел намысын Әмір Омарханов (100 Juniors ITF), Заңғар Нұрланұлы (324 Juniors ITF), Дамир Жалғасбай (395 Juniors ITF), қыздар арасында Полина Слепцова (234 Juniors ITF), Анастасия Крымкова (578 Juniors ITF), Іңкәр Дүйсебай (525 Juniors ITF) қорғайды.

Биылғы «Davis Cup Juniors Finals» ойын­дарына Қазақстан құрамасынан бөлек, Аргентина, Бразилия, Перу, АҚШ, Канада, Чехия, Германия, Ұлыбритания, Италия, Ни­дерланд, Испания, Жапония, Корея, Таиланд, Марокко командалары қатысады. Ал қыз­дар арасындағы «Billie Jean King Cup Juniors Finals» ойындары 6-12 қарашаға жос­пар­ланған. Мұнда Қазақстанмен қоса Ар­ген­тина, Бразилия, Колумбия, АҚШ, Кана­да, Чехия, Латвия, Ұлыбритания, Сербия, Шве­ция, Испания, Жапония, Аустралия, Алжир, Мысыр құрамалары бақ сынайды.