Бұл додаға Марат Шәріпов пен Сергей Квак жаттықтыратын Қазақстанның балалар және қыздар құрамалары да қатысады. Балалар бәсекесінде ел намысын Әмір Омарханов (100 Juniors ITF), Заңғар Нұрланұлы (324 Juniors ITF), Дамир Жалғасбай (395 Juniors ITF), қыздар арасында Полина Слепцова (234 Juniors ITF), Анастасия Крымкова (578 Juniors ITF), Іңкәр Дүйсебай (525 Juniors ITF) қорғайды.
Биылғы «Davis Cup Juniors Finals» ойындарына Қазақстан құрамасынан бөлек, Аргентина, Бразилия, Перу, АҚШ, Канада, Чехия, Германия, Ұлыбритания, Италия, Нидерланд, Испания, Жапония, Корея, Таиланд, Марокко командалары қатысады. Ал қыздар арасындағы «Billie Jean King Cup Juniors Finals» ойындары 6-12 қарашаға жоспарланған. Мұнда Қазақстанмен қоса Аргентина, Бразилия, Колумбия, АҚШ, Канада, Чехия, Латвия, Ұлыбритания, Сербия, Швеция, Испания, Жапония, Аустралия, Алжир, Мысыр құрамалары бақ сынайды.