Алматы • 22 Қазан, 2023

Алматыда «Ататүрік сквері» пайда болуы мүмкін

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында атауы жоқ сквер Ататүріктің есімімен аталуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Ататүрік сквері» пайда болуы мүмкін

Фото: pixabay.com

Әкімдік пен қала мәслихатының бірлескен шешім-жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Құжатта: «Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, «Халық банкі» мен «Almaty Theatre» ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге «Ататүрік сквері» атауы берілсін», делінген.

Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді.

Аталған шешім-жоба 3 қарашаға дейін көпшіліктің талқылауында болады.