Фото: pixabay.com
Әкімдік пен қала мәслихатының бірлескен шешім-жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Құжатта: «Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, «Халық банкі» мен «Almaty Theatre» ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге «Ататүрік сквері» атауы берілсін», делінген.
Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді.
Аталған шешім-жоба 3 қарашаға дейін көпшіліктің талқылауында болады.