Футбол • 23 Қазан, 2023

«Ордабасы» – ел чемпионы

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері футболдан ел біріншілігінің кезекті тур ойындары өтіп, Шымкенттің «Ордабасы» командасы мерзімінен бұрын ішкі чемпионаттың жеңімпазы атанды.

«Ордабасы» – ел чемпионы

Премьер-лига ойын­дары­ның 25-турында Шым­кенттің «Ордабасы» командасы өз ала­ңында Қарағандының «Шах­­терін» қабылдап, қарсы­ластарынан 3:1 есебімен басым түсті. Маңызды үш ұпайына қол жеткізген «Ордабасы» чем­пионаттың аяқталуына бір тур қалғанда турнир кестесінде екінші орында келе жатқан ел­ор­даның «Астанасынан» ба­қандай алты ұпайға озып, өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанды!

Қажымұқан атындағы Ор­талық стадионда өткен кез­десудің алғашқы минуттары­нан бастап алаң иелері ойын тізгінін өз қолына алып, бірінші таймның небәрі 30-минутына дейін матч тағдырын ше­шіп тастады. Кездесудің төр­тінші минутында Айбар Жақ­сылықов ойынның есебін ашса, арада сегіз минут өткенде «Ор­да­басының» өзбекстандық ша­буылшысы Шахбоз Умаров есепті еселеді – 2:0. Ал 27-минут­та украиналық Артем Бесе­­дин «Ордабасының» үшін­ші голын соғып, командасына же­ңіс сыйлады. Екінші таймда қара­ғандылықтардың жалғыз жұбаныш голын Темур Чогадзе соқты.

Осылайша, ел біріншілігінде алғаш рет топ жарған «Орда­басы» клубы енді келесі жылғы УЕФА Чемпиондар лига­сы­ның іріктеу кезеңінде өнер көр­се­теді.