Аймақтар • 28 Қазан, 2023

Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 21-ге жетті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының әкімдігі Костенко атындағы шахтадағы жағдай туралы ақпарат таратты. Ол мәлімет бойынша жалпы 21 кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 21-ге жетті

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

«252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді. Шахтада 23 кенші қалды. 21 шахтердің мәйіті табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді (8-7172) 70-41-08, (8-7212) 51-72-23, 49-72-70.

Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Бас Прокуратура Костенко шахтасындағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.