Президент • 28 Қазан, 2023

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі телеграм арнасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Костенко шахтасында 11 кеншінің қаза болғанын хабарлаған едік.