Қазақстан • 29 Қазан, 2023

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде.

29 қазан күнгі сағат 09:00-де келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Костенко шахтасында көз жұмғандар саны 35-ке жетті.

Еске сала кетсек, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты.

Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Бас Прокуратура аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысына барды.

29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.