Президент • 01 Қараша, 2023

Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті Кристиан Вайзенді қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazBioPharm холдингі мен Францияның Boehringer Ingelheim компаниясы арасында технологияларды беру туралы қол жеткізілген келісімнің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды

Бұл Қазақстанда аусылға қарсы вакцина өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының айтуынша, ветеринария саласын дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.

Қазақстан Президенті елімізде биотехнология кластерін құру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын және осы саладағы отандық ғылыми сараптама жасау ісін дамыту үшін QazBioPharm ұлттық биофармацевтикалық холдингі құрылғанын айтты.