Баға • 02 Қараша, 2023

Маңғыстау облысы: Жағдай тұрақты

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы – сұйытылған газдың ірі тұтынушысы. Ай сайын өңірде 18 мың тонна шамасында газ пайдаланылады. Жаңаөзен қаласындағы «Қазақгазөңдеу зауыты» ЖШС айына 17 мың тонна газ өндіріп ішкі нарықты қамтамасыз етсе, қалған 1 мың тонна газ қосымша «Атыраумұнайөңдеу зауыты» ЖШС-нан алынады.

Маңғыстау облысы: Жағдай тұрақты

Қазіргі таңда аймақта 433 автогаз құю бекеті бар. Ақтау қаласында – 93, Жаңаөзен қаласында – 74, Мұнайлы ауданында – 113, Бейнеу ауданында – 30, Қарақия ауданында 27, Маңғыстау және Түпқараған аудандарында тиісінше – 52 және 44 бекет тіркелген.

Қыркүйек айында өңірде орташа тәуліктік газ тұтынудың көрсеткіші 607,479 тоннаны құрады. Нақты айтсақ, Ақтау қаласы  – 195,615,  Жаңаөзен – 156,682, Мұнайлы – 98,153, Маңғыстау – 48,759,  Бейнеу – 46,175, Түпқараған – 35,803, Қарақия – 26,293 тонна газ тұтынған. Қазан айының соңғы күнінде аймақ бойынша қалған газ көлемі 2050,9 тоннаны құрады.

Жергілікті атқарушы орындар жанар-жағармай, сұйытылған газ бағасын қадаға­лауда ұстау үшін күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Қазіргі кезде жағдай тұрақ­ты, газ құю бекеттерінде шектен шыққан көлік кезегі жоқ. Газ бағасы Маңғыстау облысында 54-59 теңге көлемінде сатылып жатыр.