Қоғам • 07 Қараша, 2023

Балалар ойнап жүріп алтын қазынаны тауып алғанын білмеген

3090 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сабақтан келе жатқан ауыл балалары көне әшекейлер қазынасын тауып алған. Олар оның бағалы жәдігер екенін білмей, қалтасына басып кете барған. 

Балалар ойнап жүріп алтын қазынаны тауып алғанын білмеген

Әріптесіміз Арман Октябрь газеттің бүгінгі санында осыдан 35 жыл бұрын Алма­ты облысы, Кеген ауда­ны, Жалаулы ауылында бол­­ған таңғажайып оқиға туралы жазыпты. Қар суымен жуылып жер бетіне шы­ғып қалған жылтырақ заттарды жеткіншектер таласа-тармаса қал­та­ларына салып қамсыз кете берген. 

«Есімде қалғаны 12 сәуір ғарышкерлер күні болатын. Арық тұсынан жылтыраған дүниелерді көрдік те өзара бөлісіп үйлерімізге тарап кеттік. Шыны керек, алтын деп ойлаған жоқпыз. Бірақ ертоқым, жүген сәндегенге таптыр­май­тын-ақ дүние екен деп ойладым. Үйге келіп киімдерімді шешіп, қайтадан мал суаруға бара жатып үлкендерге көрсеттім. Үшкір майда бұйымдар қалтама батқасын, тау етегіне лақтырып жібердім. Сол аралықта біз алтын тапқан жерге ауыл адамдары үйіліп алыпты. Мектеп директоры, ауыл басшысы, милиция қызметкерлері де осында жүр. Бұл тегін емес-ау деп ішім қылп ете қалды. Қысқасы, ертесі күні бәрімізді клубқа жинап тапқан заттарымызды қайтаруды талап етті. Алматыдан алтын тексеретін апараты бар археологтер келе жатқанын, сондықтан жасырып қалғандар жазаға тартылатынын жеткізді. Мен ұсақтарынан бөлек үлкен 4 бұйымды алғанмын. Біреуін атама­ сыйладым. Жиналыс кезінде жоқ деп мойындамадым. Балалық қой. Әкем партия адамы болатын. Тапқанымды тапсыруды бұйырды. Үйден біреуін алып келіп едім: «Қалғаны қайда?» деді. Содан тағы біреуін алып келіп ем, әлі де сенбеді. Ақыры төртеуін де әкеліп өткіздім. Қасымдағы серіктерім де тапқандарын түгел әкеліп берді», деп еске алды Ермек Мұхаммеджанов.

1

Алтын тапқан азаматтар сол тарихи күнді ауыл адамдары бүгінде аңыз­дай айтатынын, өздері үшін де бұл оқиғаның естен кетпейтін әсерлі сәт екенін тебірене жеткізген. Оларға сол тұста, тапқан жәдігерлерінің 25 пайызы, яғни 17 мың сом тең­дей­ бөлінген екен. Кейіннен 4 бірдей «Ро­ман­тик» магнитофоны сыйға тарты­лыпты.

Мақаланың толық нұсқасын оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз.