Тағайындау • 10 Қараша, 2023

Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды

4610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне Нұркен Әшіров тағайындалды. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған қызметке тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды

Фото: aqparatqogam инстаграм

Нұркен Әшіров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері.

2004-2010 жылдары Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Бас концертмейстері және солисі қызметін атқарған.

2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы болып қызмет етті.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды.

Аида Балаева Қазақ ұлттық консерваториясының жаңа басшысын құттықтап, қызметін абыроймен атқарарына зор сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.