![Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды](/media/2023/11/10/4bbd3f08-c460-4015-8edd-431550ced1b4.webp)
Фото: aqparatqogam инстаграм
Нұркен Әшіров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері.
2004-2010 жылдары Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Бас концертмейстері және солисі қызметін атқарған.
2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы болып қызмет етті.
2019 жылдан бастап осы күнге дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды.
Аида Балаева Қазақ ұлттық консерваториясының жаңа басшысын құттықтап, қызметін абыроймен атқарарына зор сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.