Президент • 14 Қараша, 2023

Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен «Оңтүстік» және  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды

Фото: aqorda_resmi

«Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Президенттің өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.