![Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды](/media/2023/11/14/2022_12_26_2022_07_11_2022_03_29_200316171748825e-1.webp)
Фото: aqorda_resmi
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Президенттің өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.