Байқау • 14 Қараша, 2023

Туған жердің жауһары

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда жас суретшілер мен қолөнер шеберлері арасында өткен «Жас толқын» республикалық байқауы мәреге жетті. Байқауға қатысқан авторлардың таңдаулы туындылары облыстық галерея залында ашылған «Туған жердің жауһары» көрмесіне қойылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де осында өтті.

Туған жердің жауһары

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуын­ша, Тобыл төрінде осымен бе­сінші рет өтіп отырған байқауға биыл 74 адам қатысыпты. Жыл өткен сайын байқаудың географиялық ауқымы да кеңейе түскен. Мәселен, биылғы қа­ты­сушылардың ішін­де Қос­танай, Астана, Алматы, Ақтөбе, Көк­шетау, Петро­­павл, Павлодар, Орал, Атырау қа­ла­­ла­­рынан келген қылқалам шеберлері бар.

онро

«Байқау жұмыстары төрт аталым бойынша ба­ғаланды. Олар – кес­кіндеме, графика, мүсін, сән­дік-қолданбалы өнер. Әр аталым бойынша жүлделі орындар анықталып, ақшалай сыйлықтар берілді. Қазылар алқасының құрамында суретші-мүсінші Баян Баталова, кес­кіндемеші Сергей Луговой, осы өңірге танымал су­ретші Вадим Быков сынды кәсіби маман­дар болды», дейді бейнелеу өнері бө­лімінің меңгерушісі Сая Қаленова.

ссс

Қазылар алқасының ұйғарымымен «Кескіндеме» аталымы бойынша Ли­са­ков қаласынан келген Мерей Төрт­қара, «Графика» аталымы бойынша көк­ше­таулық жас суретші Дәмір Мағ­зұмов, «Сәндік-қолданбалы өнер» аталымы бойынша Қостанай қаласында тұратын Арайлым Қайырбек жеңімпаз атанды. Ал байқаудың бас жүлдесін ас­таналық Рейхан Айтуарова жеңіп алды.

 

Қостанай облысы