Аймақтар • 19 Қараша, 2023

Қазақстандағы ең үлкен жылыжай Шымкентте салынады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның ірі компаниясы «Alarko Holding» Шымкентте жаңа форматтағы жылыжай кешенін салады. Қос тарап арасындағы келісім Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы ең үлкен жылыжай Шымкентте салынады

650 млн АҚШ долларын құрайтын жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Инвестициялық жоба 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Жаңа форматтағы жылыжай жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.