
650 млн АҚШ долларын құрайтын жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Инвестициялық жоба 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Жаңа форматтағы жылыжай жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.