Оқиға • Бүгін, 10:33

Қарағандыдағы жатақханада 21 жастағы шетелдік студент көз жұмды

1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында медициналық университеттің шетелдік студенті жатақхананың бесінші қабатынан құлап, қаза тапты. 21 жастағы марқұм Үндістан азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыдағы жатақханада 21 жастағы шетелдік студент көз жұмды

Фото: Ашық дереккөз

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

«Тергеу аясында барлық қажетті кешенді тергеу әрекеттері орындалды. Жиналған материалдар мен сараптама қорытындыларының нәтижесі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды», делінген Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Ал медициналық университет өкілдері студенттер арасында буллинг немесе ішкі конфликтілер анықталмағанын мәлімдеген.

Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, оқиға орнында көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар