Фото: Ашық дереккөз
Түзетулер Конституция мен «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заң нормаларын іске асыру мақсатында әзірленген.
Заң жобасы аясында Салық кодексіне бір палаталы Парламент – Құрылтайды құруға, Қазақстан Халық Кеңесін қалыптастыруға, сондай-ақ кейбір конституциялық нормаларға сәйкес өзгерістер енгізу көзделген. Бұдан бөлек, азаматтардың өтініштерін Конституциялық Сотқа жолдау кезінде мемлекеттік бажды алып тастау ұсынылып отыр.
Құжатта құқықтық нормалардың мазмұнын өзгертпей, редакциялық және техникалық нақтылаулар да қарастырылған. Атап айтқанда, «шетелдік» терминін «шетелдік азамат» ұғымымен алмастыру, «тенге» сөзін «теңге» деп біріздендіру, сондай-ақ аумақ атауларын көрсету тәртібін астанаға басымдық бере отырып реттеу ұсынылған.
Сонымен қатар, салық заңнамасындағы институционалдық атауларды жаңа конституциялық модельге сәйкестендіру көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, Мәжілістің жалпы отырысында «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Машина жасауды дамыту мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралады.