Фото: Мәжіліс
Атап айтқанда, бірінші оқылымда:
- «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы;
- «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;
- «Машина жасауды дамыту мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;
- «Әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.
Екінші оқылымда:
- «Сайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы;
- «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланады.
Құжаттар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, құқықтық реттеуді жаңарту және түрлі салалардағы тиімділікті арттыру мақсатында қаралып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында алты Конституциялық заң жобасы қабылданған болатын.