Аймақтар • 21 Қараша, 2023

Қызылордалықтарды 44 млн теңгеге алдап кеткен күдіктілер ұсталды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалықтарды 44 млн теңгеге алдап кеткен күдіктілер ұсталды

Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен облыс орталығының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдар аралығында 44 млн теңгеге жуық ақша жинаған.

Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.