Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен облыс орталығының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдар аралығында 44 млн теңгеге жуық ақша жинаған.
Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.