Оқиға • 26 Қараша, 2023

«Ауруханада қалсам бола ма?». Жеті жасар қыз отбасындағы соққыдан кейін үйіне қайтқысы келмеген

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жеті жасар қызды ата-анасы үнемі ұрып келген, салдарынан жеткіншек ауруханаға түсті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ауруханада қалсам бола ма?». Жеті жасар қыз отбасындағы соққыдан кейін үйіне қайтқысы келмеген

«Мен үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түсіп қалған жеті жасар қызды көруге бардым. Бала «ауруханада қалып, үйге оралмау мүмкін бе?» деп сұрады», деп жазды балалар омбудсмені.

Оның айтуынша, мектепте баланың денесінен соққы іздері анықталған. Мұғалімдер бірден кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияны шақырған. Уәкіл сондай-ақ аталған отбасында тағы алты бала бар екенін айтты. 

ф

Зәкиеваның айтуынша, Қазақстанда биылдың өзінде 25 бала, оның ішінде алтауы жақын адамдарының қолынан көз жұмған.