«Мен үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түсіп қалған жеті жасар қызды көруге бардым. Бала «ауруханада қалып, үйге оралмау мүмкін бе?» деп сұрады», деп жазды балалар омбудсмені.
Оның айтуынша, мектепте баланың денесінен соққы іздері анықталған. Мұғалімдер бірден кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияны шақырған. Уәкіл сондай-ақ аталған отбасында тағы алты бала бар екенін айтты.
Зәкиеваның айтуынша, Қазақстанда биылдың өзінде 25 бала, оның ішінде алтауы жақын адамдарының қолынан көз жұмған.