Спорт • 07 Желтоқсан, 2023

«Инстаграм парақшаңды жапсаң, 500 мың теңге төлейміз». Спортшы өзін кімдердің «сатып алғысы келгенін» айтты

952 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Азия чемпионы Әйгерім Әбілқадырова «Бірінші бол» YouTube арнасына сұхбат беріп, өзінің спорт саласында өзін «сатып алғысы келгендердің» де бар екенін айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Инстаграм парақшаңды жапсаң, 500 мың теңге төлейміз». Спортшы өзін кімдердің «сатып алғысы келгенін» айтты

ab_aigerimm

Дзюдо, грэпплинг  күрес түрлерімен кәсіби түрде шұғылданатын спортшыға бапкерлері инстаграмдағы парақшасын жабуды ұсыныпты. «Саған ай сайын 500 мың теңгеден төлеп отырамыз, парақшаңды жапсаң» деген талап қойды. Бапкер күресте қалай «жанып кетпеуді», әдісті оңтайлы қолдануды, қарсыластың құрығынан сытылып шығуды үйретуі керек. Олар өзінің қызметін атқармайды, керісінше, саған келіп  «парақшаңа ана видеоны салма, мына постты жария етпе» деп сүзгіден өткізіп, жетекке алғысы  келеді», деді спортшы. Ол өзінің  936 мың оқырманы бар парақшасын жаппайтынын, керісінше дамыта түсетінін айтты.