ab_aigerimm
Дзюдо, грэпплинг күрес түрлерімен кәсіби түрде шұғылданатын спортшыға бапкерлері инстаграмдағы парақшасын жабуды ұсыныпты. «Саған ай сайын 500 мың теңгеден төлеп отырамыз, парақшаңды жапсаң» деген талап қойды. Бапкер күресте қалай «жанып кетпеуді», әдісті оңтайлы қолдануды, қарсыластың құрығынан сытылып шығуды үйретуі керек. Олар өзінің қызметін атқармайды, керісінше, саған келіп «парақшаңа ана видеоны салма, мына постты жария етпе» деп сүзгіден өткізіп, жетекке алғысы келеді», деді спортшы. Ол өзінің 936 мың оқырманы бар парақшасын жаппайтынын, керісінше дамыта түсетінін айтты.