Ғылым • Бүгін, 13:53

Отандық ғалымдар жусанға аллергияны бір аптада емдейтін дәріні әзірледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі маусымдық аллергияның ең көп таралған себептерінің бірі – жусан тозаңына аллергияны емдеуге арналған отандық препаратты клиникалық зерттеудің екінші кезеңін бастады. Оған расталған диагнозы бар 138 пациент қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Отандық ғалымдар жусанға аллергияны бір аптада емдейтін дәріні әзірледі

Препаратты қазақстандық ғалымдар заманауи рекомбинантты аллерген негізінде әзірлеген. Ол GMP халықаралық стандарттары бойынша отандық OtarBioPharm кәсіпорнында шығарылады. Жаңа дәрінің басты артықшылықтарының бірі – емдеу курсының қысқа болуында. Егер дәстүрлі аллерген-спецификалық емдеуге ұзақ уақыт кететін болса, жаңа препарат бір аптаның ішінде тері астына төрт инъекция жасаумен ғана аяқталады.

Бұған дейін еріктілердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңі өтті. Зерттеушілердің айтуынша, жаңа дәрінің айтарлықтай жанама әсерлері болмаған және нәтижелері бойынша аллергенге сезімталдық көрсеткіші төмендегенін.

Еске сала кетейік, Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристің өмірін сақтап қалды.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:27