Фото: Olympic.kz
32 жастағы спортшының кәсіби спорттан кетуіне созылмалы жарақаттар және жас ерекшелігі себеп болған.
Енді Ұланов бар күш-жігерін бапкерлік қызметке арнайды және бұл бағытта белсенді еңбек етіп жатыр.
Қазақ спортшысының басты табысы – 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алуы. Бастапқыда Уланов Бразилияда өткен Олимпиадада төртінші орын алған болатын. Алайда кейін румын спортшысы Габриэль Синкраянның қанынан тыйым салынған зат табылып, нәтижесінде қазақстандық атлетке «қола» бұйырды.
Сонымен қатар ол жастар арасында Азия чемпионы (2013 – 94 кг), Әлемдік Гран-при кезеңінің жеңімпазы (2015 – 94 кг), Азия чемпионы (2016 – 85 кг), Универсиада чемпионы (2017 – 85 кг), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019 – 81 кг), Ұлыбритания ашық чемпионатының жеңімпазы (2019 – 81 кг) және Қазақстан Республикасының спорт шебері.