Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023

«Өртенген үйде бір отбасының мүшелері болған». Тұрғын үйдегі қызыл жалын сөндірілді

1557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне 11 желтоқсанда  түнгі сағат 03.03-те  Наурызбай ауданына қарасты Таусамалы  шағын ауданы Сәдуақасұлы көшесіндегі 125 үйдің өртке оранғаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер  отбасы мүшелерін қызыл жалын ішінен аман-есен  алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Өртенген үйде бір отбасының мүшелері  болған». Тұрғын үйдегі қызыл жалын сөндірілді

Фото: qr_tjm

Аға инженер, кезекші ауысымның басшысы, азаматтық қорғау капитаны Ж. Әкетай өтініш берушімен байланысып,  жеке тұрғын үйді қызыл жалын шарпығанынан  хабардар болған.  Оқыс оқиға орын алған жерге келген соң өрт сөндіру басшысы үйде адамдардың болуына барлау жүргізу, сондай-ақ өртті сөндіруге оқпандарды бере отырып, өртке қарсы  іс-әрекет өрістету туралы бұйрық  берген.

«Барлау жүргізу барысында бөлімше командирі  Ш. Таипов, аға өрт сөндіруші Ж.Мамыт адамдарды тапты, олар шок күйінде болған. Кезекші ауысымның нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында отбасы мүшелерінің өліміне және жарақаттануына жол берілмеді. Ер адам, әйел, жігіт пен екі қыз құтқарылды. Өрт 03:24-те оқшауланды, 3:40-та толығымен  сөндірілгені» жазылған хабарламада.