Фото: qr_tjm
Аға инженер, кезекші ауысымның басшысы, азаматтық қорғау капитаны Ж. Әкетай өтініш берушімен байланысып, жеке тұрғын үйді қызыл жалын шарпығанынан хабардар болған. Оқыс оқиға орын алған жерге келген соң өрт сөндіру басшысы үйде адамдардың болуына барлау жүргізу, сондай-ақ өртті сөндіруге оқпандарды бере отырып, өртке қарсы іс-әрекет өрістету туралы бұйрық берген.
«Барлау жүргізу барысында бөлімше командирі Ш. Таипов, аға өрт сөндіруші Ж.Мамыт адамдарды тапты, олар шок күйінде болған. Кезекші ауысымның нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында отбасы мүшелерінің өліміне және жарақаттануына жол берілмеді. Ер адам, әйел, жігіт пен екі қыз құтқарылды. Өрт 03:24-те оқшауланды, 3:40-та толығымен сөндірілгені» жазылған хабарламада.