Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023

Қостанай облысында автокөлік жолдары жабық тұр

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше түн ауғанша жаңбыр себелеп, оның арты көктайғаққа ұласты да, таңертең ақтүтек боран басталып кетті. Синоптиктердің болжамынша, желдің күші секундына 30 метрден асады. Қазір өңірде қарлы боран күшейіп, жол үстін қалың тұман басып тұр. Дауыл тұруы мүмкін деген ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында автокөлік жолдары жабық тұр

Өңірде республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Полиция облыс тұрғындарына жолға шығуға болмайтынын, көлік жүргізушілерге қала ішінде арақашықтық пен жылдамдықты  сақтауды ескертіп жатыр.

Облыстық ПД көктайғақ пен ақ боранның салдарынан жол апаты жиілегенін хабарлады. Мәселен, бүгін облыс орталығында болған бір ғана жол-көлік оқиғасында бір-бірімен бірден 10 автокөлік қақтығысып, 1 адам ауруханаға жеткізілген.

 

Қостанай облысы