Өңірде республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Полиция облыс тұрғындарына жолға шығуға болмайтынын, көлік жүргізушілерге қала ішінде арақашықтық пен жылдамдықты сақтауды ескертіп жатыр.
Облыстық ПД көктайғақ пен ақ боранның салдарынан жол апаты жиілегенін хабарлады. Мәселен, бүгін облыс орталығында болған бір ғана жол-көлік оқиғасында бір-бірімен бірден 10 автокөлік қақтығысып, 1 адам ауруханаға жеткізілген.
Қостанай облысы