Театр • 27 Желтоқсан, 2023

«Асауға тұсау»

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық драма театрда Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» мұңды комедиясы көрермен назарына ұсынылды. Әуелі қойылым жабық түрде көрсетіліп, кәсіби мамандардың пікірі тыңдалды.

«Асауға тұсау»

Көрермен залына кірген бетте бейне бір Шекспир өмір сүрген XV-XVI ғасырға тап болғандай күй кештік. Сахна суретшілері сол заманның классицизм стиліндегі сәу­лет өнерін әбден зерттеп барып іске кіріскенге ұқсайды. Тарихты парақтасақ, «Асауға тұсау» комедиясы театр сах­насына 1948 жылы шық­қан екен. Содан бері бұл қойы­лым барлық буындағы ак­терлердің шеберліктерін шың­дап келеді. Спектакльдің қоюшы-режиссері Барзу Аб­дураззаков 500 жыл бұрын жазылған пьесаның әлі де өзекті екенін айтады.

– Бұл қойылымға аса жа­уапкершілікпен дайындалдық. Актерлер дайындық кезінде барын салды. Көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын. Айта кетейін, У.Шекспир бұл шығармасын 28 жасында ғана жазып, мәңгілік дүние қалдырды, – дейді Тәжікстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Барзу Абду­ра­аззаков.

Италияның Падуя қала­сында өрбіген оқиғаға тоқталып өтейік: апалы-сіңілі қыздардың бірі Бьянка биязы, мейірімді, кішіпейіл болса, Катеринаның мінезін адам түсініп болмайды. Шаппа-шап кетуге әзір тұрады. Әкелері Баптиста бол­са, Бьянкаға ғашық болған жігіт Люченциоға алдымен Ка­теринаны күйеуге беруім керек деп шарт қояды. Қызу­­­қанды қызға қайбір жігіт қы­зықсын. Ақыры амалын тапқан Люченцио тәкаппар, өр­көкірек Петручиоға барып, ауқатты отбасында мінезі шайпау қыз барын айтады. Алған беттен қайтпайтын Пе­тручио Бьянкаға сөз салып қана қоймай, өз дегеніне көн­діріп, «бетегеден биік, жусаннан аласа» етіп тәрбиелейді. Керісінше, салиқалы деген Катерина күйеуінің шақыр­туы­на келмей ыңғайсыз жағдайға қалдырады...

Жуықта ғана көрерменге жол тартқан спектакль көп­шілікке ой салып, санадағы сан сұраққа жауап беруі мүмкін.

 

Өскемен