Оқиға • 07 Қаңтар, 2024

Майқайыңда ойыққа құлап кеткен жұмысшылар жаңа әдіспен іздестіріліп жатыр

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен еді. Екі адам табылғанымен, қалған екі жұмысшы әлі де іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Майқайыңда ойыққа құлап кеткен жұмысшылар жаңа әдіспен іздестіріліп жатыр

Құтқарушылар тобы 3 күннен бері табылмай жатқан екі жұмысшыны геологиялық сканерлеу әдісімен іздеуге көшті. Ол Балқаш қаласынан геологиялық сканерлеу құрылғысы алдырылған.

«Бүгін ойықтың ернеуіне «Богатырь Көмір» кәсіпорнының үлкен краны орнатылды. «АК Алтыналмас» АҚ мен Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары кран көмегімен шұңқыр табанына сканерлеу құрылғысын түсірді. Геологиялық зерттеу құралы құлаған топырақ үйінділерін сканерлеп, жер астында пайда болған бос кеңістіктерді, металл мен өзге де құбылыстарды іздеп жатыр», деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.